Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Облыс әкімі: Спорт секцияларына балаларды белсенді түрде тарту керек

Жарияланған күні:

1
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Өңірлерде бұқаралық спортты дамыту және халықты белсенді түрде спортқа тарту мемлекеттің басты басымдығының бірі. Бұл ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бұқаралық және балалар спортын дамытуға ерекше назар аударып, осы негізде әлемдік аренада жүлделі табыстарға жетуге ұмтылу керек» деп атап өтіп, спорттық кешендердің халыққа қолжетімділігін арттыру қажет екенін айқындады. Бүгінде жасөспірімдер үшін Қызылорда қаласындағы барлық спорттық нысандардағы секцияларға тегін қатысуға мүмкіндік қарастырылған. Яғни 4-17 жас аралығындағы балалар спорттық секциялардың барлық түрі қолжетімді.

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласында орналасқан бірқатар спорттық нысандарды аралап, спорт секцияларында шыңдалып жүрген жасөспірімдермен кездесіп, жаттықтырушылармен пікірлесті.

Алдымен аймақ басшысы «Мұз айдыны» спорт кешенінде болып, секциялық жұмыстарды саралады. Бүгінгі күні кешенде 615 бала грек-рим күресі, көркем гимнастика, шайбалы хоккей, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, волейбол, баскетбол сынды спорттың 7 түріне тартылған.

2
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Кездесуде облыс әкіміне греко-рим күресінен жатықтырушы Алмат Әуешов жастардың спортқа деген белсенділігінің жыл санап артып жатқанын тілге тиек етсе, көркем гимнастика спортына қатысушы жасөспірім Әсел Марат спортқа деген ынта-жігерінің жоғары екенін айтып, дайындық барысындағы ерекше сәттерімен бөлісті.

Мұнан кейін аймақ басшысы «Тарлан» спорт кешенін аралады. 2016 жылы пайдалануға берілген нысанда 120 спортшыға арналған корпус, 24 орындық жатақхана салынған. Кешен ашылғалы 20 ҚР спорт шебері, 78 ҚР спорт шеберіне үміткер дайындалды. Спорт кешенінде облыс намысын республикалық жарыстарда қорғаған көптеген жоғары дәрежелі спортшылар дайындалды.

Балаларды баптау үшін 3 жаттығу залы қаралған. Мұнда бокс, таэквондо, пауэрлифтингтен 350 спортшы шұғылдануда.

Аралау барысында облыс әкіміне бокстан облыстың аға жаттықтырушысы Жамил Жүсіпов балалар арасындағы бокс спортының қарқыны жоғары екенін айтып, болашақ спорт шеберлерін даярлау ісінде нәтижелі көрсеткіштерге тоқталды.

3
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Аймақ басшысы «Нұрым» жеке спорт кешенінің жұмысымен де танысты. Кешен Президент тапсырмасына сәйкес жан басына қаржыландыру тәртібімен жүзеге асуда. Мұнда каратэ, қазақ күресі, дзюдо, таэквондо сынды спорт түрінен 260 бала шынығуда.

Спорт кешенінде облыс әкімі балаларын спорттық секцияға бейімдеген ата-аналармен кездесіп, пікірлесті.

Айта кету керек, биылдан бастап жеке спорттық нысандарға баратын балалар үшін төленетін қаржыны жан басына қаржыландыру тәртібімен реттеу тиімділігін танытты. Бұл үшін облыстық бюджеттен 212 миллион теңге қаржы бөлінген. Нәтижесінде 2156 бала спорттық секцияларға қамтуға мүмкіндік алды.

Ерекше айтуға тиіспіз, барлық спорт секцияларында "Ашық" қосымшасы орнатылған. Санитариялық талаптар қатаң орындалып, әлеуметтік ара-қашықтық тәртібі сақталған.

Спорттық секциялардың жұмысын саралаған өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспановқа балалар мен жасөпірімдерді спорттық секцияларға белсенді түрде тарту жұмыстарынәлі де жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ, спорт шеберлері арқылы болашақ чемпиондарды шығару мәселесіне жете назар аудару қажеттігін қаперге салды.

4
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Еске салайық, Қызылордада бүгінгі күнге artsport.edu.kz порталы арқылы спорт саласы бойынша 12 жеке кәсіпкермен заңды тұлғалардың 38 өтінімдері қолдау тауып, 1832 бала спорттық секциялармен қамтылды.

Биыл өңірде «Нұрсәт» теннис орталығының 4 жабық теннис корты және байдарка, каноэде есу базасының құрылыстары аяқталды. Сонымен бірге «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 спорт кешенінің құрылысы басталмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927185-oblys-akimi-sport-sekciyalaryna-balalardy-belsendi-turde-tartu-kerek/