Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда спорт залда той жасағандар ұсталып қалды (видео)

Опубликовано:

Той1
Көрнекі фото: piqsels.com

Павлодар облысының полиция департаменті карантин талабын бұзушыларды анықтады. Олардың арасында спорт залда өтіп жатқан тілашар той да бар деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, құрамына әкімдік, полиция және СЭС өкілдері кіретін мониторингтік топтармен карантин режимін сақтау бойынша тұрақты тексерулер жалғасып жатыр.

Олар жыл басынан бері облыс аумағында 239 ереже бұзушылық анықтаған.

"Дәмхана, мейрамханалар мен асханаларда – 97, дүкендерде, сауда үйлері мен базарларда – 13 факт тіркелді. Сондай-ақ моншалар мен сауналарда, кинотеатрларда, жаттығу клубтары мен ойын залдарында санитарлық нормалар бұзылған. Бұдан басқа, мониторингтік топтар корпоративтік кештерді, отбасылық мерекелер мен үйлену тойларын өткізудің 42 фактісін анықтады", – деді полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ғалым Сарғұлов.

Мысалы, коронавирус инфекциясының қарқынды таралуына қарамастан, Павлодар ауданы Маралды ауылының спорт залында 50 адам қатысқан "Тілашар" отбасылық іс-шарасы өткізіліпті.

Сонымен қатар, демалыс күні өңірдегі бір киім дүкені жұмыс істеп, оған көптеген адамдар келген. Аталған фактілер бойынша мекеме иелеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін Павлодар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927234-pavlodarda-sport-zalda-toi-zasagandar-ustalyp-qaldy-video/

pixel