Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

38 градус ыстық, найзағай, жаңбыр, жел: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Найзағай
Көрнекі фото: pexels.com

Еліміздің синоптиктері 16 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынып, Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады деп жазады Қазгидромет.

Күндіз 16 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталық және оңтүстік аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

16-18 тамызда Алматы облысында күтіледі: Іле, Жетісу Алатауы: 16 тамызда жауын-шашын, кей жерлерде қатты (жаңбыр, қар), 17-18 тамызда кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі.

Түнде және таңертең 16 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 16 тамызда кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

16 тамызда Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады.

Батыс Қазақстан облысының 38 градус қатты ыстық қүтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

16 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде 36 градусқа қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

16 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

16 тамызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Үржар ауданында өрттің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі.

Күндіз 16 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 16 тамызда найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927267-38-gradus-ystyq-naizagai-zanbyr-zel-elimizdin-birqatar-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel