Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1503-і Алматыдан: Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны белгілі болды

Жарияланған күні:

індет11
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте 7217 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 943
  • Алматы қаласы - 1503
  • Шымкент қаласы - 560
  • Ақмола облысы - 283
  • Ақтөбе облысы - 336
  • Алматы облысы - 370
  • Атырау облысы - 526
  • Шығыс Қазақстан облысы - 266
  • Жамбыл облысы - 177
  • Батыс Қазақстан облысы - 75
  • Қарағанды облысы - 1003
  • Қостанай облысы - 289
  • Қызылорда облысы - 166
  • Маңғыстау облысы - 143
  • Павлодар облысы - 311
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 163
  • Түркістан облысы - 103.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 694 476-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 5 421 адам дерттен жазылған.

Қазір елімізде 119 547 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 31 910 пациент стационарда, 87 637 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1 937 адамның жағдайы ауыр, 507 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 228 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Одан бөлек, 16 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 6 092 882 адам, екінші компонентін 4 717 883 адам салдырған.

Қазір COVID-19 инфекциясының таралу көрсеткіші бойынша Түркістан облысынан өзге аймақтың барлығы "қызыл" аймақта тұр.

Түркістан облысы 15 тамызда сарыдан "жасыл" аймаққа өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927303-1503-i-almatydan-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-belgili-boldy/