Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшеде көліктегі музыканы қатты ойнату қаншалықты заңды

Опубликовано:

Авто
Көрнекі фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев ведомствоның онлайн брифингінде "көшеде көліктегі музыканы қатты ойнату қаншалықты заңды?" деген сауалға жауап берді деп хабарлайды Қазақпарат.

Ол ереже бойынша кейбір жол қозғалысына қатысушылардың жеке құқықтары басқа қатысушылардың құқықтарын бұзбауы керектігін ескертті.

"Яғни, жол қозғалысына қатысушылардың бәрі өзара сыйласып, қозғалысқа қауіпсіз жағдай жасауға, басқа қатысушыларға кедергі жасамауға міндетті. Бұндай фактілер анықталған жағдайда азаматтарға шектен тыс әрекеттерді сурет пен видеоға түсіруді ұсынамын. Содан кейін Әкімшілік полиция комитетіне хабарлауға немесе "102" нөміріне хабарласуға болады", - деді әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы елорда тұрғыны жол-көлік ережесін 166 мәрте бұзғанын хабарлаған еді.

Былтыр бұл тұрғын жол ережесін 98 рет бұзса, биылдың өзінде оған 68 рет айыппұл салынған.

Жол-көлік ережесін бұзу жөнінен "рекорд" орнатқан азаматтың былтыр көлігін айыппұл тұрағынан шығарып алу үшін 1 миллион 800 мың теңге көлемінде айыппұл төлеген.

Сонымен қатар, ведомство елордада ең көп айыппұл арқалаған әйел адам жайлы да айтты.

Оған жалпы сомасы 900 мың теңгеге тең 32 айыппұл салынған. Бастапқыда айыппұл төлеуден бас тартқан әйел сот орындаушысы оның мүлкін, банктегі шоттары мен көлігіне тыйым салғаннан кейін барып, барлық айыппұлын төлеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927367-kosede-koliktegi-muzykany-qatty-oinatu-qansalyqty-zandy/

pixel