Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЖОО-ға құжаттар қай күнге дейін қабылданады: БҒМ жауап берді

Опубликовано:

Тізімді қарап жатқан жастар
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елімізде жоғарғы оқу орындарына қабылдау үшін құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыру қажет. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекеттік білім гранты иегерлері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін құжаттарын 25 тамызға дейін тапсыруы тиіс. Ол үшін е.Gov.kz "электрондық үкімет" порталы арқылы өтінім беру қажет. Қызмет түрі 2021 жылдың 17 тамызынан бастап қолжетімді болады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, ведомство жоғары оқу орындарына ақылы негізде құжат тапсыру үшін не істеу қажеттігін түсіндірді.

"Ақылы негізде құжат тапсыру үшін ЖОО-лардың виртуалдық қабылдау комиссияларына жүгіну қажет. Тізім Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған", - деп қосты министрліктің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін 2021-2022 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланған еді.

"Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 75 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды. Биыл "Білім беру" және "Денсаулық сақтау", сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құқық, дизайн, менеджмент білім беру бағыттары сұранысқа ие", - делінген Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram парақшасында.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Білім гранты иегерлерінің тізімін сілтеме арқылы өтіп, көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927377-zoo-ga-quzattar-qai-kunge-deiin-qabyldanady-bgm-zauap-berdi/

pixel