Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Заңгер: Жанболат Мамай апелляциялық сотқа тағы да макулатура жинап әкелді

Жарияланған күні:

Жанболат Мамай
Жанболат Мамай. Фото: Zhanbolat Mamay/Facebook

Белсенді Жанболат Мамай мен әйелі Инга Иманбай Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектен сотта жеңіліп қалғаннан кейін апелляциялық шағым түсірген болатын. Бүгін аталған шағым бойынша қос тарап сотта тағы жиналды.

Байбектің заңгері Айжан Тәшенованың айтуынша, Мамай мен Иманбай және олардың үш адвокаты сотқа тиісті дәлелдерді жинай алмаған. Ресми құжаттардың орнына олар тағы да әлеуметтік желідегі жазбаларға сілтемелер жинап әкелген көрінеді.

«Бұлар бізге тағы да пайдасыз қағаздарды жинап әкелді, бұл жай ғана макулатура, қағазды шығын қылды. Бірақ, бұлардан басқа не күтуге болады, осылай боларын әуел бастан-ақ білдік. Себебі, апелляциялық сотқа ұсынатын ешбір нақты дәлелі жоқ», - деді Айжан Тәшенова.

Оның айтуынша, Мамай мен Иманбай жалдаған үш адвокат апелляциялық сотқа екі шағым түсірген. Біріншісі, заңгер Ерлан Қалиевтен, екіншісіне Ғалым Нұрпейісов пен Әсем Түсіпова қол қойған.

«Бұл екі шағым да Қазақстан Республикасы Азаматтық процесуалдық кодексінің 404 және 427-баптарының талабына сәйкес келмейді. Іс үшін маңызы бар және шешімнің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болатын жаңа деректер келтірілмеген», - деп атап өтті заңгер.

Айта кетейік, бірінші сот процесінде жеңіліп қалған Жанболат Мамай мен Инга Иманбай Бауыржан Байбек туралы түсірген видеороликтерін интернеттен өшіруге міндеттелген. Сондай-ақ, олар жалпы сомасы 800 мың теңгеден асатын сот шығынын өтеуі тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927407-zanger-zanbolat-mamai-apellyaciyalyq-sotqa-tagy-da-makulatura-zinap-akeldi/