Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыркүйектен бастап оқытушылардың жалақысы өседі: Министр бұйрыққа қол қойды

Опубликовано:

Ақша теңге1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынышты жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы 2021 жылдың қыркүйегінен бастап артады. Енді олар ай сайын кемінде 200 мың теңге алатын болады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство дерегінше, аға оқытушының еңбекақысы кемінде 230 мың теңгені құрап, қауымдастырылған профессор – 260 мың теңге, профессор – 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында – 400 мың теңге) алуы тиіс.

Бұл шешім мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЖОО оқытушыларының жалақысын арттыру туралы тапсырмасын орындау аясында қабылданды.

Штаттағы оқытушыларға минималды жалақы мөлшерін белгілеу туралы тиісті бұйрыққа білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды.

Бұл ретте, егер оқытушылардың жалақысы көтерілетін болса, онда олардың оқу жүктемесі, керісінше, төмендетіледі. Бұл мұғалімдердің ғылыми қызметпен айналысуларына мүмкіндік пен уақыттың жеткілікті болуы үшін жасалып жатыр.

"Біз жоспарлы түрде оқытушылар үшін жайлы жағдай жасап, еңбекақыны және педагогтердің мәртебесін арттырып жатырмыз. ЖОО оқытушыларының жалақысы да жоғарылайтын болады. Егер біз білімнің жоғары деңгейде болуын қаласақ, мұғалімдерге лайықты жалақы төлеу керек екенін түсінуіміз керек. Бұл ретте біз жоғары оқу орындары тарапынан сапалы жұмысты, ал оқытушылардан оқу процесіне асқан жауапкершілікпен қарауды талап етеміз.

Бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында семлекет басшысы ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруді тапсырған болатын. Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынышты ЖОО оқытушыларының жалақысы 2019 жылдың қыркүйегінде 20%-ға, 2020 жылдың қыркүйегінде тағы 20%-ға өсті.

Енді штаттағы оқытушылардың минималды жалақысы ай сайын 200 мың теңгені құрайды.

Сонымен қатар әр университет басқа да ынталандыру төлемдерін белгілеп, оқытушылардың белгілі бір жетістіктері үшін қосымшаақы төлей алады. Жоғары оқу орындарының директорлар кеңесі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауы қажет", — деп атап өтті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Педагогикалық жүктемеге келетін болсақ, енді бір ставканың максималды көлемі бір оқу жылында 680 сағаттан аспайды.

Айта кеткен жөн, бұрын ең төменгі жалақы мен сағаттық жүктемелерге қойылатын талаптар заңмен реттелмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927425-qyrkuiekten-bastap-oqytusylardyn-zalaqysy-osedi-ministr-buiryqqa-qol-qoidy/

pixel