Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің Қорғаныс министрлігі Ауғанстандағы жағдайдан соң қырағылықты күшейтетін болды

Жарияланған күні:

Әскер
Фото: gov.kz

Қорғаныс министрлігінде өткен аппараттық кеңесте Қазақстан әскерінің тыныс-тіршілігінің өзекті мәселелері қаралды. Ауғанстан Ислам Республикасындағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты Қарулы Күштерде қырағылықты күшейту бойынша шаралар қабылданды деп хабарлайды Қазақстан Қорғаныс министрлігі ресми сайтында.

Шаралар ең алдымен, арнайы операциялар күштерінің бөлімшелеріне, майдан және әскери-көлік авиациясына, әуе шабуылына қарсы қорғанысқа қатысты қабылданған.

Қорғаныс министрі өңірдегі жағдайды қадағалау және талдау, күштер мен құралдардың тәуліктік кезекшілігін ұйымдастыру бойынша міндеттер қойғанын алға тартты.

Жоғары қырағылықты қамтамасыз ету мақсатында әскери қызметшілердің кезекшілік атқаруы бойынша жүктемені бірдей бөлу қажеттілігі атап өтілді.

"Туындайтын сын-қатерді ұдайы бағалап, қазіргі уақытта біз үшін анағұрлым маңызды және негізгі күш-жігерді қайда бағыттау керек екенін айқындау қажет", – деп атап өтті генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев.

Алдағы аптада взводтардың жауынгерлік оқ атуы, әскери міндеттілермен жиындар, батальондармен бақылау сабақтары жоспарланып отырған әскерлердегі жауынгерлік оқу-жаттығу барысы туралы баяндалды.

Запастағы, әсіресе тапшы мамандығы бар офицерлерді әскери қызметке шақыру мәселесі көтерілді.

Заңнамаға офицер әскери атағын алған әскери кафедраны бітірушілерді міндетті түрде әскери қызмет өткеру үшін әскерге шақыру бойынша түзетулер енгізу тапсырылды.

"Барлық студенттер мен жоғары оқу орындарының басшылары әскери кафедрада оқу – бұл ойын-сауық және запастағы офицердің әскери билетті алу тәсілі емес, ең алдымен – ел мүддесі үшін Қарулы Күштерде қызмет етуге дайын екендерін түсінуі тиіс!", - деп атап өтті Қорғаныс министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927469-elimizdin-qorganys-ministrligi-auganstandagy-zagdaidan-son-qyragylyqty-kuseitetin-boldy/