Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде балалар аттракционында көңіл көтеріп жүрген тәліптердің видеосы тарады

Жарияланған күні:

Видеодағы кадр
Видеодан кадр: twitter.com/Mediavenir

Желіде қолдарына қару ұстаған "Талибан" қозғалысы (Қазақстан, Ресей және басқа да бірқатар елдерде лаңкестік ұйым деп танылған) мүшелерінің ойын-сауық саябағында көңіл көтеріп жүрген видеосы тарады.

Evening Standard басылымының мәліметінше, Ауғанстандағы билікті өз қолына алған тәліптер 20 жылға созылған соғыстың аяқталғанын тойлап жатыр.

Желіде жарияланған кадрлардан тәліптердің ойыншық көліктерге мініп, батутқа секіріп жүргенін байқауға болады.

Одан бөлек, содырлар көңіл көтеріп жүрсе де, қаруын қолынан тастамағанын көруге болады.

Алдын ала болжам бойынша желіде пайда болған видеолар Кабул мен Герат қалаларындағы ойын-сауық саябақтарында және басқа да нысандарда түсірілген.

Желіде тараған тағы бір видеода тәліптердің спорт залында жаттығып жатқаны бейнелеген. Болжам бойына видео бұған дейін елден кеткен Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Гани отырған сарайдағы жаттығу залында түсірілген.

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда тәліптер Кабулға кіргеннен кейін ел президенті Ашраф Гани өз өкілеттігін тоқтатып, елден кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.

Сондай-ақ, Гани енді ауған халқының "өмірі мен мүлкі" үшін тәліптер жауап беретінін атап өтті.

Ал елдің вице-президенті Амрулла Салех елде қалғанын мәлімдеді. Twitter-дегі парақшасында ол ешқашан "Талибан" содырларының алдында бас имейтінін жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927658-zelide-balalar-attrakcionynda-konil-koterip-zurgen-talipterdin-videosy-tarady/