Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында полицейлер 5 мың бас малды айыппұл тұрағына қамады

Опубликовано:

www.instagram.com/dp_pavlodar
Көрнекі фото: www.instagram.com/dp_pavlodar

Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер иесіз жайылып жүрген 4936 бас малды анықтады. Жануарлар айыппұл тұрағына айдалса, олардың иелері жазаға тартылған. Бұл туралы Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметінің Instagram парақшасында хабарланды.

Бақылаусыз жайылып жүрген мал мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Иесіз мал - ұрылар үшін оңай олжа, сонымен қатар соңы қайғылы жағдайға әкеліп соғатын жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін.

Мысалы, Тереңкөл ауданындағы «Омбы – Майқапшағай» автожолының 324 шақырымында патрульдік полиция қызметкерлері қараусыз жайылып жүрген сиырларды тапқан. Полицейлер 10 сиырды арнайы айып тұрағына қамап, мал иесін анықтады. 40 жастағы ауыл тұрғыны ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, «Ленин – Ақсу» автожолының 11 шақырымында сиырлар жүрген. Ірі қара мал трассада және қыста мал азығына арналған шөпті таптап, шабындықта бақылаусыз жайылып жүрген. Учаскелік полиция инспекторы 34 бас малды айыппұл тұрағына қамап, 55 жастағы мал иесі ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер бақылаусыз жайылып жүрген 4 936 малды анықтады, олар айыппұл тұрағына қамалды. Бүгінгі күні облыс аумағында малға арналған 146 айыппұл тұрақтары жұмыс істейді», - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция ротасы командирінің міндетін атқарушы Әділет Мерғазин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927797-pavlodar-oblysynda-policeiler-5-myn-bas-maldy-aiyppul-turagyna-qamady/

pixel