Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауғанстаннан эвакуацияланған азаматтар мінген ұшақ Алматыға қонды

Опубликовано:

Ауғанстан
Фото: Қорғаныс министрлігі

Бүгін сағат 17:00-де ӘӘК С-295 әскери-көлік ұшағы Алматыға сәтті қонды. Оның ішінде Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 азамат бар. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

Ведомствоның мәліметінше, елімізге 42 жолаушы келген, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ Қазақстан елшілігінің қызметкерлері бар.

Одан басқа, осы бортпен Қырғызстан өтініші бойынша Қырғыз Республикасының 14 азаматы эвакуацияланды. Гуманитарлық операция ретінде осы ұшақпен Қазақстан елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы АИР-дан шығарылды.

"Қазақстан Республикасы әрдайым шетелдегі өз азаматтарының мүдделері мен құқықтарын қорғайды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927804-auganstannan-evakuaciyalangan-azamattar-almatyga-qondy/

pixel