Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде әскери қызметші ұсталды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pexels.com

Шығыс Қазақстан облысында вакциналау паспортын қолдан жасау фактісі анықталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

ІІМ Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасының Өскемен бөлімі қаладағы емханаларда әскери қызметшілерге вакцина паспорттарын қолдан жасап сатқандарды анықтады. Бұл туралы ведомство хабарлады.

"Ақша үшін Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне әскери қызметкерлерге вакцина салынғаны туралы жалған ақпарат енгізген медицина қызметкерлері әшкереленді", - дейді аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл майор Азамат Мұхаметқалиев.

Жалған вакциналау паспорты ұсталған әскери қызметшіге ПТР-тест тапсырмастан қызметте болуға, сондай -ақ Ashyq қосымшасы арқылы мекемелерге кедергісіз кіруге мүмкіндік берген.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ішкі істер министрлігі жалған құжат жасағаны үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны қолданғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түрінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927840-oskemende-askeri-qyzmetsi-ustaldy/

pixel