RU

Оралда бір үйдің екі баласы бесінші қабат терезесінен құлап кетті

Терезе
Көрнекі фото: polisia.kz

Оралда бір үйдің екі баласы бесінші қабат терезесінен құлап кетті. Бүлдіршіндер оқыс оқиға салдарынан ауыр жарақаттар алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 19 тамыз күні М.Жүнісов көшесіндегі бес қабатты үйде орын алған.

Жергілікті сағат 17.11-де ата-анасының қарауынсыз қалған 6 және 3 жастағы ағайынды екі ұл бала 5-қабат терезінен құлап кетіп, нәтижесінде ауруханаға жатқызылды. Қазіргі мәлімет бойынша олар жабық бас-ми және іш жарақатын алып, милары шайқалған. Жағдайлары ауыр.

Оқиғаны БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі де растады. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында ата-анасы мас күйде жатқанда үш жасар бала терезеге қыстырылып қалғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928040-oralda-bir-uidin-eki-balasy-besinsi-qabat-terezesinen-qulap-ketti/