Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде жарты жыл бұрын ғана берілген үйдің қабырғасы жарылып жатыр

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан алынған кадр: "Хабар 24" арнасы

Өскеменде жарты жыл бұрын ғана пайдалануға берілген көпқабатты тұрғын үй бүліне бастады деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Өскеменде Ілияс Есенберлин көшесіндегі көпқабатты үйдің қыс бойы тоңып шыққан тұрғындары үйдің сыртын жылуды ұзақ ұстап тұратын жапсырмамен қаптамақ болыпты.

Алайда үйдің сыртқы сәнді қаптамасын ашқан тұрғындар қабырғаның жарылғанын байқаған.

"Бала-шаға үшін алаңдаймыз, оқыс жағдай болып қала ма деп алаңдаймыз. Астынан бастап жарылып тұр. Өзі жаңа үй", - дейді тұрғын Ләнтай Құзатханқызы.

Тұрғындардың көбі пәтерлерін ипотекаға алған. Кейбірі әлі тоғыз жыл бойы баспана ақысын төлеуі тиіс. Мына жағдайдан кейін енді олар қаржы аударуға құлқы да жоқ екенін айтады.

Ал көпқабатты үйдегі ахауға қатысты пікір білдірген қалалық құрылыс бөліміндегілер техникалық тексеру жұмыстарынан кейін барлығы белгілі болатынын жеткізген.

қазір кепілдік мерзімі аяқталмаған үйге екі бірдей тәуелсіз сараптама тағайындалған. Біріншісі тұрғындар тапсырысымен, екіншісін мердігер мекеме жалдайды.

"Тұрғындар өздері аккредитациясы бар компания іздеп тауып, олармен келісімшартқа отырып жатыр. Дегенмен осы адамдарға жүк болмасын деп оның ақысын біз өз мойнымызға алып отырмыз", – дейді мердігер мекеменің директоры Мақсат Шакиров.

Ал мамандар көпқабатты үй қабырғасының жарылуын топырақтың отыруымен түсіндіріп отыр. Бірақ нақты себебі сарапшылардың тексеріс жұмыстарынан соң белгілі болмақ. Баспананың тұруға жарамды не жарамсыз екеніне қатысты шешімді де солар шығармақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928067-oskemende-zarty-zyl-buryn-gana-berilgen-uidin-qabyrgasy-zarylyp-zatyr/

pixel