Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин талабын бұзған: Алматыда 25 кәсіпкерге айыппұл салынды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Olx.kz

Алматыда екі күн ішінде мейрамхана, дәмхана, бар, сұлулық салоны, компьютерлік клубтар мен дүкендердің 25 иесіне айыппұл салынды деп хабарлайды Қазақпарат.

Тәртіп сақшылары ұсынған ақпаратқа сенсек, 16 тамыздан 17 тамызға қараған түні белгіленген шектеулердің 13 рет бұзушылғаны анықталған.

Құқық бұзушылардың қатарында Бостандық ауданындағы "Weekend Vibes" кафесі бар. Олар карантин кезінде рұқсат етілген жұмыс уақытынан кейін 40 келушіні қабылдаған.

Шамамен осы уақытта тексерушілер "Восточный двор" кафесінде де заңбұзушылықтарды тіркеген, онда 40-қа жуық адам болыпты.

Келесі күні тексерулер жалғасып, 17 тамызда Бостандық ауданында шамамен 23:28 сағатта "JAM" барында жұмыс режимінің бұзылуы тіркелді. Сол күні кешкі сағат 22.43 шамасында сол шағынауданда "Chechil Pub" кафесінен 50 келуші табылған, заң бұзушылықтарға жол берілген.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің талаптарын орындамағаны үшін бұл мекемелердің иелері әкімшілік жауапқа тартылмақ.

Осы орайда эпидемиологтар жасырын кештерде, жабық жерлерде уақыт өткізу арқылы қала тұрғындары өздеріне және айналасындағыларға қауіп төндіретінін жеткізді.

Айта кетейік, мекемелерде мұндай заңсыздықтарға дер кезінде тойтарыс беріледі.

Мәселен, өткен аптада мониторинг топтары 1000-ға жуық нысанды тексеріп, 124 бұзушылықты анықтады.

Сонымен қатар, қала қоғамдық көліктерде маска режимінің сақталуын бақылау жалғасып жатыр. А

лматы қаласының қоғамдық көліктерінде бетперде режимін сақтамағаны үшін 105 автобуста жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 1-бөлімінің 425-бабы бойынша 17 жолаушыға қатысты әкімшілік хаттама жасалды. Тексерушілер автобус жолаушыларына бетперде тағу міндетті екенін, бұл инфекция қаупін азайтатынын түсіндіріп жатыр.

Алматылық эпидемиологтардың мәліметі бойынша, қоғамдық көліктер инфекция жұқтырудың негізгі бес орнының бірі мұнда жұқтыру 17,6%-ды құрайды.

Еске сала кетейік, Алматыда "қою қызыл" аймаққа шектеу шаралары 1 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928164-karantin-talabyn-buzgan-almatyda-25-kasipkerge-aiyppul-salyndy/

pixel