Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты үш адамның өмірін жалмады

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі сурет: turkistan_polisia

Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан үш адам көз жұмды деп хабарлайды Қазақпарат.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғасы 22 тамызда сағат 18:50-де "Атырау-Орал" тас жолында орын алған.

Екі өңірдің аралығындағы жолдың 93-шақырымда, Көктоғай ауылынан 25 шақырымда ВАЗ-2105 жеғіл көлігі және КамАЗ-53215 маркалы жүк көлігі соқтығысты.

Индер ауданынан келе жатқан жеңіл көліктің 31 жастағы жүргізушісінің жол ережесін сақтамағаны белгілі болды.

Нәтижесінде 1958 жылғы жүргізушін басқарған қарсы бағытта – Атырау қаласына қарай жүріп бара жатқан ауыр жүк көлігімен соқтығысқан.

Салдарынан "ВАЗ-2105" көлігінің жүргізушісі мен 1954, 1978 жылғы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды

Қазіргі уақытта аталған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928431-atyrau-oblysynda-zantursigerlik-zol-apaty-us-adamnyn-omirin-zalmady/

pixel