Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нью-Йоркте концертімді өткізгім келеді": АҚШ-тағы домбырашы қазақ баласы жайлы не білеміз

Опубликовано:

Саят Ешматов
Саят Ешматов: Жеке мұрағат

Саят Ешматов АҚШ-та білім алып жатқан талантты қазақ жастарының бірі. Бала күнінен домбыраны серік еткен Саят 2017 жылы Америкадағы алғашқы концертін өткізіп үлгерді. Енді қазақ баласы келесі концертін Нью-Йоркте өткізуді жоспарлап отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Саят Бауыржанұлы Алматы қаласының тумасы. Ол Алматыда Құрманғазы атындағы консерваторияны тәмамдап, кейін Қытайда білім алды. Бүгінде мұхиттың арғы жағында еліміздің ұлттық өнерін насихаттап жүр.

«Алматы қаласының тұрғынымын. Жасым 27-де, әлі отбасын құрған жоқпын. Жанұямызда әкем-шешем және екі ағам бар. Жарты жылдан бері Америкада тұрып жатырмын. Мұнда келгендегі басты мақсатым – ағылшын тілін жетік меңгеріп, ұлттық аспабымыз домбыраны одан әрі таныта түсу. Алматыдағы консерваторияны 2017 жылы аяқтадым. Кейін менеджмент мамандығы бойынша Қытайдың Бейжің қаласында магистратура оқыған жайым бар. Өмірдегі ең үлкен мақсаттарымның бірі – шетелде алған білімімді ел игілігіне пайдалану», - дейді ол.

Саят жеті жасынан бастап домбыраға қызығушылық танытқан. Баласының қабілетін байқалаған ата-анасы оны Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта оқытады.

«Өнерге, музыкаға талпынысым бала кезден басталса керек. Домбыра мен фортепианоға икемім барын білген ата-анам арнайы мектеп-интернатта оқытты. Бүгінге дейін қанша күйді жатқа білетінімді санамаппын. Өзім қазақтың барлық күйші композиторларының туындыларын жақсы көремін. Әсіресе, Қазанғаптың күйлері жаныма ерекше жақын», - дейді домбырашы.

Саят Ешматов
Саят Ешматов: Жеке мұрағат

2017 жылы Саят Бауыржанұлы Америкада жеке концертін өткізген. Енді ол ұлттық аспабымыз домбыраны кеңінен насихаттау мақсатында тағы да шығармашылық кеш өткізуді жоспарлап отыр.

Қазақстан халқының ұрпақтар сабақтастығы арқылы мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту. Дәстүрлерді жаңғырту және дамыту проблемасына, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығын қайта жаңғырту, оқушылар мен оқытушылардың арасында ұлттық идеялогияны арттыру. "Әр адамда "жетістіктің тарихы" әр түрлі келеді.

«Төрт жыл бұрын фестиваль аясында Америкаға келіп, жеке концертімді берген едім. Мұны жергілікті халық өте керемет, өте жылы қарсы алды. Олар екі шектен осындай әуен қалай шығатынына қатты таң қалды. Бәрінің де сұрағы сол болды. Сондай-ақ, Америкадағы қазақтар да ұлттық өнерді сағынып қалған екен. Концертімде соны байқадым. Енді ұлттық өнерімізді дәріптеу үшін Нью-Йорк қаласында концерт өткізу ойымда бар. Осы күзге жоспарлап отырмын. Нақты уақыты әлі белгісіз. АҚШ-тағы қазақстар көп шоғырланған аймақтарды аралап, домбыра өнерін насихаттау да жоспарымда бар», - дейді Саят Ешматов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928456-nyu-iorkte-zeke-koncertimdi-otkizgim-keledi-aqs-tagy-dombyrasy-zigit-zaily-ne-bilemiz/

pixel