Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еңбек нарығында еңбек өтілінсіз және тәжірбиесіз өз орныңды қалай табуға болады: жас мамандардың оқиғалары

Опубликовано:

Наиль Набиуллин
Наиль Набиуллин. Фото: жеке мұрағаттан

Көптен күткен дипломын алғаннан кейін көптеген жас мамандар алғашқы уақытта еңбек нарығында өз орнын бірден таба алмайды. Жұмыс берушілер жас түлектерге қарағанда, тәжірбиесі бар кадрларды таңдағанды жөн көреді. Бұл мәселенің шешімі Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберіндегі жастар практикасы бола алады. Оған қатысушылар NUR.KZ-тің тілшісіне өздерін көрсету арқылы лайықты жұмыс табуға бағдарламаның қалай көмектескенін айтып берді.

Жоғары оқу орнын енді ғана бітірген көптеген мамандар сияқты Наиль Набиуллинде алған білімін тәжірибеде пайдалануға және тұрақты жұмысқа ие болуға асықты. Алайда барлық жерге еңбек өтілі бар тәжірбиелі мамандар қажет. Бұл жұмыс іздеу процесін қиындата түседі, Еуразия гуманитарлық институтының түлегі бірнеше ай бойы тұрақты жұмысты күтуге мәжбүр болды. Ол заңгер дипломын 2020 жылдың жазында алған еді, дегенмен жұмысқа 2021 жылдың қысында ғана орналаса алды. Жас азаматтың резюмесіне бірде-бір жұмыс беруші жауап қатпады, алайда оның жігері бұған мұқала қойған жоқ: ол астананың халықты жұмыспен қамту орталығына көмек сұрап барды.

«Маған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысуды ұсынды, оның шеңберінде жастар практикасынан өтуге болады екен. Мен қуана келістім. Бала күнімнен мемлекеттік қызметте жұмыс істеуді армандайтынмын, сондықтан маған ұсынылған бос жұмыс орындарының тізімінен мемлекеттік органдағы жұмысты таңдадым.», - дейді Наиль.

Халықты жұмыспен қамту орталығына алғаш барғаннан кейін екі апта өтер-өтпестен ол Байқоңыр ауданы бойынша астаналық мемлекеттік кірістер басқармасында практикадан өте бастады. Практикадағы жарты жылдың ішінде Наиль Набиуллин кәсіби тәжірибе жинап қана қоймай, өзін жауапкерлішігі мол, ұқыпты жұмыскер ретінде көрсете білді. Ол өзіне тапсырылған кез келген іске білек сыбана кірісіп, істі сапалы әрі тиімді атқаруға тырысты. Нәтижесінде жас жігітті мекемеге тұрақты негізде жұмыс істеуге шақырды. Қазір ол басқарма бөлімдерінің бірінде бас маман.

«Өзім де осыны армандап едім. Мен үшін мемлекеттік қызметкер болу, еліме пайдамды тигізу – үлкен мәртебе. Бала кезімнен бұл менің мақсатым еді, соған қарай біртіндеп қадам жасадым. Алайда, оқуды бітірген соң қиындықтарға тап болдым, бұл түсінікті де: жұмыс бірушілерге тәжірбиесі бар дайын кадрлар қажет, менде тәжірбие болмады. Дегенмен үйренуге дайын едім, осы жағынан алғанда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберіндегі жастар практикасы маған біліктілік пен дағдылар жинақтауға, өз қарым-қабілетімді көрсетуге және жұмысқа тұруға мүмкіндік берді.», - дейді маман.

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта Нұр-Сұлтан қаласындағы колледждер мен ЖОО-лардың 353 түлегі Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жастар практикасына жіберілді. Практикадан өткеннен кейін олардың арасынан 23 адам практикадан өткен ұйымдарына тұрақты жұмысқа қабылданды. Олардың қатарында бухгалтерлер, экологтар, бағдарламашылар, қаржыгерлер, мұғалімдер мен заңгерлер бар. 2021 жылға арналған жоспар бойынша Нұр-Сұлтанда жастар практикасымен барлығы 900 адамды қамту жоспарланып отыр.

2017 жылдан бері астанада «Жастар практикасы» бағдарламасына 3781 түлек қатысты, оның ішінде 1416 адам практиканы аяқтағаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасқан.

Айсулу Дузельбаева
Айсулу Дузельбаева. Фото: жеке мұрағаттан

Ал, Маңғыстау облысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылғаннан бері жастар практикасына 6817 адам қатысты, оның ішінде 1160 адам практикадан өткеннен кейін тұрақты негізде жұмысқа қабылданған. 2021 жылғы 7 айда жастар практикасымен 566 адам қамтылды, оның 64-і жұмысқа орналасқан.

Бұндай мысалдардың бірі –Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылынан бағдарламаға қатысушы Айсұлу Дүзелбаева. 20 жасар қыз Күйкен орта мектебінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. 2020 жылы ол Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжін бітіріп, мамандығы бойынша жұмыс табуды қалайды. Жұмысқа орналасуына көмек көрсету үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді.

«Жастар практикасынан өту мүмкіндігі бар екен. Бұл мен үшін өте тиімді нұсқа: еңбек өтілін жинап қана қоймай, жалақыда алдым. Практика 2021 жылғы қаңтардан маусымға дейін жалғасты, одан кейін мені тұрақты жұмысқа қабылдады. Қыркүйектен бастап дене шынықтыру пәнінен толыққанды сабақ беремін.», - деп қуанышымен бөлісті жас мұғалім.
Айсулу Дузельбаева
Айсулу Дузельбаева. Фото: жеке мұрағаттан

Айсұлудың сөзіне қарағанда балалармен жұмыс істеген оған үлкен қуаныш сыйлайды. Жас қызға балалардың спортқа, қимыл-қозғалысқа, белсенді өмір салтына қызығушылықтарын арттырған ұнайды. Бүгінде балалар шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, баскетбол мен волейбол сабақтарына көбірек қызығушылық танытады.

«Мен еңбек жолымды әдейі ауылдан бастауды жөн көрдім. Бұл кез келген жас маман үшін жақсы бастама. Оның үстіне ата-анам да маған қатты қолдау көрсетті. Мұнда бәсеке аз, сондықтан саған сұраныс сезіледі.», - деп атап өтті «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушы.
Темирлан Жомартканов
Темирлан Жомартканов. Фото: жеке мұрағаттан

Темірлан Жомартханов – Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласынан тіс технигі. Ол алдыңғы кейіпкерлерге қарағанда, жастар практикасына мемлекеттік мекемелерге емес, жеке – жергілікті стоматологиялардың біріне жіберілген. 4 ай өткен соң, жас жігіт тұрақты жұмысқа қабылданған.

«Мен 2020 жылы Өскемен стоматологиялық колледжін бітірдім, алдайда ұзақ уақыт жұмыссыз жүрмедім, дегенмен тәжірибесіздігімді әрі еңбек өтілімнің болмағанын ескерсек бұндай қауіп-қатер болды. Оқу орнының өзінде маған жұмысқа орналасуға халықты жұмыспен қамту орталығы көмек көрсететінін айтып, жол көрсетті. Көптеген таныстарымнан «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы оларға көмектескені және оның мүмкіндіктері туралы естіп, бағымды сынап көруді шештім. Мемлекеттік қолдаудың тиімділігіне көзім жетті.»-дейді Темірлан.

Жас жігіт 2020 жылғы қазан мен 2021 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде практикадан өткен. Осы уақытта өзін адал әрі ұқыпты маман ретінде көрсете білді. Оның кәсібінде – бұл маңызды өлшем-шарттардың бірі, өйткені тіс технигі әр-түрлі тіс протездерін, жасанды тіс коронкаларын, қаңқаларды және тағы басқаларды дайындайды.

«Бала кезімде ұзақ уақыт бірдеңе құрастырғанды, қолмен ұсақ механикалық жұмыстарды жасағанды ұнататынмын, мұнда мұқияттылық пен ұсақ-түйектерге назар аудару маңызды. Тіс технигінің жұмысы – соған ұқсас, ол зергерлер мен сағатшылардың кәсіптеріне де ұқсайды, тағы суретшілер мен мүсіншілердікіне де аздап келеді. Себебі кез келген бұйым клиентті риза қылатындай эстетикалық әдемі болуы тиіс.» - деп түсіндірді дантист.

Клиенттердің разылығы, жасы үлкен әріптестердің әр сөзін тыңдау әрі олардан үйрену өз ісін істеді. Бүгінгі күні Темірлан – болашақта өзінің жеке стоматологиялық кабинетін ашуды армандайтын толыққанды маман.

Шығыс Қазақстан облысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылған уақыттан бері жастар практикасына 6809 жас азамат жіберілді, оның ішінде 565 адам – 2021 жылғы 7 айдың ішінде жіберілген. Пратиканы аяқтағаннан кейін 2112 адам (65-і ағымдағы жылы) өздері практикадан өткен ұйымдарында тұрақты жұмысқа қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928481-enbek-narygynda-enbek-otilinsiz-zane-tazirbiesiz-oz-ornyndy-qalai-tabuga-bolady-zas-mamandardyn-oqigalary/

pixel