Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстандық өнертапқыш коронавирусты жойып жіберетін қондырғы ойлап тапты

Опубликовано:

Өнертапқыш
Видеодан кадр: Хабар 24

Өзбекстандық өнертапқыш Олимжон Юсупов коронавирусты жойып жіберетін қондырғы ойлап тапты деп хабарлайды Хабар 24.

Оның айтуынша, аппарат COVID-19-дың кез келген штамын бірнеше секундта өлтіре алады. Құрылғыны жасап шығару үшін Олимжон 1,5 жыл бойы тер төккен.

Олимжон бастапқыда қазақстандық әріптестерімен бірге Арал теңізінің түбінен тарайтын зиянды заттарды жоятын арнайы қондырғы жасамақ болған. Бірақ жұмысы пандемияға байланысты тоқтап қалған.

Осыдан кейін өнертапқыш бар білгенін коронавируспен күреске жұмсап, COVID-19-ды жоятын арнайы құрылғы жасап шығарған.

"Бұл – биогенетик қондырғы. Өзбекстан аумағында кең тараған. Біз бұл аппаратты соңғы 1,5 жылдың ішінде жасап шығарып, бірнеше зертханада сынақтан өткіздік. Коронавирустың кез келген штамын ауа кеңістігінде де, сұйық күйінде де 100 процент жоя алатындай жетістікке жеттік. Бұл қондырғы арнайы электрондар бөледі. Кейін олар вирусты қоршап, РНК-сын жеп қояды", - дейді Олимжон Юсупов.

Қондырғы қауіпті вирус тараған бір емес, бірнеше жерде сыналған екен. Тіпті, коронавирус жұқтырып, ауруханада ем қабылдап жатқан науқастардың палаталарына да қойылған.

"Бұл аппаратты біз COVID-19 жұқтырған науқастардың палатасына қойғанбыз. Олар үш күннің ішінде жазылып кетті. Науқастардың жазылуына түрлі препараттардың ғана емес, дәл осы қондырғының да әсері болды. Одан бөлек, биогенетик құрылғысы қойылған зертханаларда қызметкерлердің вирус жұқтыру көрсеткіші де әлдеқайда азайды", - дейді вирусолог-дәрігер Мадина Шахмурова.

Тың аппарат кварц шамдары немесе ауаны тазалайтын қондырғылар секілді жұмыс істейді.

"Бірақ тиімділігі әлдеқайда жоғары", – дейді өнертапқыш.

Жергілікт мамандар қондырғыны көптеген зертхана мен мекемеге қойған. Бірақ аппарат әлі халықаралық дәрежеде сыналмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928494-ozbekstandyq-onertapqys-koronavirusty-zoyatyn-qondyrgy-oilap-tapty/

pixel