Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грузия мен Әзербайжаннан Қазақстанға көлік әкелу шарттары аталды

Жарияланған күні:

көліктер
Көрнекі фото: news.1777.ru

Кедендік баж бен салық төлеуден босатылған шетелдік көліктерді Қазақстанға алып келу жиілеген. Олар бастапқыда жеке пайдалану мақсатында уақытша әкелінеді. Содан кейін шетел азаматы көлікті қазақстандықтарға сатады деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.

Ведомствоның мәліметінше, автокөліктердің басым көпшілігі Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өткізу пункттері арқылы уақытша әкелінеді. Олардың мәртебесі шетелдік тауарлар және кедендік бақылауда болады.

ЕАЭО Кедендік кодексінің 264-бабының 6-тармағына және 275-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша әкелінген көлік құралдары декларанттың, яғни әкелуді жүзеге асырған тұлғаның иелігінде болуы тиіс.

"Алайда бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген көлік құралдары кеден баждар мен салықтарды төлеуден, кедендік тазартудан жалтарып мемлекеттік тіркеуге қойылып жатқан фактілер анықталуда.

Мысалы, жеке пайдалануға арналған шетелдік көлік құралдарын, шетел азаматтары өз көлік құралдарын әкелген соң, Қазақстан Республикасының аумағынан біраз уақыттан кейін кетіп қалуда. Олар негізінде Грузия мен Әзірбайжан азаматтары", - дейді ведомство.

Қазіргі таңда Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік баждар мен салықтарды төлемей, Қазақстан Республикасының аумағына тіркеуге қойылған 156 көлік құралын анықтады.

"Осыған байланысты ҚР ҚМ МКК Қазақстанның барлық азаматына уақытша әкелінген көлік құралдарын тек кедендік тазартудан өтіп, кедендік баждар мен салықтарды төлегеннен кейін ғана сатып алуға және Қазақстан аумағында аталған көлік құралдарын пайдалануға болатынын ескертеді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928682-gruziya-men-azerbaizannan-qazaqstanga-kolik-akelu-sarttary-ataldy/