Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, тағы төрт адам зардап шекті (видео)

Опубликовано:

Апат
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы маңындағы Райымбек ауылында екі көлік соқтығысып, 4 адам қаза тапты. Тағы төртеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайын Алматы облысының полиция департаменті баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

Кадрлардан сау тамтығы қалмаған шетелдік көлік пен ресейлік "Лада" автокөлігін көруге болады. Жазба авторы жол апаты Қарасай ауданы, Райымбек ауылында болғанын айтады.

Жол апатына қатысты пікір білдірген Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Karina мен Lada 2107 көліктері соқтығысқан.

Салдарынан 8 адам зардап шегіп, олардың төртеуі көз жұмған.

"Алдын ала болжам бойынша Toyota Karina автокөлігінің жүргізушісі Сүйінбай көшесімен келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Lada 2107 көлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнында Lada 2107 көлігінде отырған 21 жастағы жолаушы қаза тапқан. Тағы үш адам – ​​Lada 2107 көлігінің 61 жастағы жүргізушісі мен Toyota Karina-ның екі жолаушысы Қаскелең ауруханасына жеткізілген кезде қайтыс болған.

Сондай-ақ, тағы төрт жолаушы түрлі дене жарақатын алған", – дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталмыш факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалған. Тергеу амалдары қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1928896-almaty-oblysynda-zol-apatynan-tort-adam-qaza-tauyp-tagy-tort-adam-zaraqat-aldy-video/

pixel