RU

Атырауда мейрамханалардың есігін арнайы жасақ күзетпек

Атырау күзет11
Видеодан кадр: КТК арнасынан

Атырау билігі карантиндік шектеулерге қарамастан той жасайтын тұрғындармен және мейрамханамен күрестің жаңа әдісін қолға алды. Енді қаладағы мейрамхалардың есігін арнайы жасақ тәулік бойы күзетеді деп хабарлайды КТК арнасы.

Полиция қызметкерлері ең ірі мейрамханалардың алдын торуылдап, өңірдегі күрделі эпидемиолиялық ахуалды реттемекші.

Өйткені, той-томалаққа тыйым салынғанымен, тығылып жасайтындар көп көрінеді. Соңғы бір аптаның өзінде 40-қа жуық тәртіп бұзушылық анықталған.

Мейрамханаға қойылған күзет нәтиже берсе, билік ауыл-аймақтардағы кафелердің алдына да осындай күзет қоймақшы.  

"Атырау облысы аумағында коронавирус індетін жұқтырған адамдардың саны әлі де тіркеліп отыр. Оған қоса карантиндік шектеулерді сақтамай, оларды бұзу фактілері де орын алып отыр. Осыған байланысты полиция департаментімен Атырау қаласы аумағында орналасқан мейрамхана маңына тәулік бойына 14 жаяу патрульдік полиция бекеттерін қойдық", - дейді Атырау облысы ПД бөлім бастығының міндетін атқарушы Абзал Әліпқалиев.

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, Алматыда да патрульдік экипаждар ойын-сауық мекемелерінің жанында кезекшілік етеді, барлығы 150-ге жуық нысанға бақылау орнатылған.

Дегенмен қалада карантин режимін бұзған мейрамхана мен дәмханалар анықталуда.

Мәселен олардың бірінде 150 қонақтың қатысуымен іс-шара өтсе, енді бірінде 30 адамның қатысуымен құдалық болып жатқан. Тағы бірінде банкет өтіп жатқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928934-atyrauda-meiramxanalardyn-esigin-arnaiy-zasaq-kuzetpek/