Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл күзде қанша қазақстандық азамат әскерге шақырылады

Опубликовано:

фото
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бірінші қыркүйектен бастап 18 бен 27 жас аралығындағы 17 мыңға жуық адам Қарулы күштер қатарын толықтырады. Бұл туралы Қарулы күштер бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты деп жазады Sputnik Қазақстан.

Оның сөзінше, биыл 1 қыркүйектен бастап азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталады.

Күзгі әскерге шақыру науқаны жыл соңына дейін жалғаспақ.

"Қарулы күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіз жоқ, жасы он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі 17 мыңға жуық жас жігіт толықтырады", - деді Сәкен Жүсіпов.

Департамент басшысы президент тапсырмасына сәйкес қорғаныс министрлігінде өткен жылдармен салыстырғанда Қарулы күштерге әскерге шақырылатындар санын кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланғанын жеткізді.

Қолданыстағы заңға сәйкес, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін запасқа шығару әскерге шақырылған күннен бастап 12 ай өткеннен кейін жоспарлы түрде жүргізіледі.

Пандемияға байланысты әскерге шақырылатындар екі рет ПТР-тест тапсырады:

  • әскерге шақыру кезінде жиын пунктерінде,
  • әскери бөлімге келген кезде.

"Алдағы науқанда цифрлық даму министрлігінің 1414 қызметінің сервисі арқылы әскерге шақырылатындарға SMS хабарлама таратуды жалғастыру жоспарланып отыр. Хабардар ету процесінде жеке қарым-қатынас жасауды болдырмау инфекция жұқтыру қаупін азайтады", - деді Сәкен Жүсіпов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929014-biyl-kuzde-qansa-qazaqstandyq-azamat-askerge-saqyrylady/

pixel