RU

Ертіс өзеніне суға кеткен студент қыздың денесі төрт күннен кейін табылды

Өзен
Көрнекі фото: CC0 / Наталья Коллегова

Бүгін, 26-тамызда Ертісте суға батып кеткен 17 жастағы колледж студентінің денесі табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгін 112 пультіне қайықтағы ер адамның Ақтоғай мен Тереңкөл аудандарының шекарасында, Шоқпар ауылынан сегіз шақырым жерде Ертіс өзенінде қалқып жүрген бойжеткеннің денесін көргені туралы хабар келіп түсті" , - деді облыстық ТЖД.

Еске сала кетейік, 17 жастағы педагогикалық колледждің студенті 22 тамыз күні суға кеткен. Іздестіру жұмысына құтқарушылар, полиция мен еріктілер жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929022-ertis-ozenine-suga-ketken-student-qyzdyn-denesi-tort-kunnen-keiin-tabyldy/