RU

Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болды (видео)

Жамбыл жарылыс11
Видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_official

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінің маңынан өрт шығып, жарылыс болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Аталмыш бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан.

Өрт салдарынан белгісіз заттар жарылды. Өртті сөндіруге әскери бөлімнің шынжыр табанды өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысы төтенше жағдай департаментінің өрт сөндірушілері көмектесуде.

Өрт ошағын жою жалғасуда. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда", - делінген Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929095-zambyl-oblysynda-askeri-bolim-qoimasynan-ort-sygyp-zarylys-boldy/