Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы жарылыс: Тоқаев шұғыл жиналыс өткізді (видео)

Опубликовано:

Тоқаев жиналыс өткізді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өз Facebook парақшасында мәлімдеді.

Тоқаев өңірдегі төтенше жағдайға байланысты ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құруды тапсырды.

Оған премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр басшылық жасайды.

Сондай-ақ, қайтыс болған азаматтардың отбасын әлеуметтік қорғау және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шаралар қабылданады.

"Қаза болған азаматтардың отбасын әлеуметтік қорғау және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шара қабылдансын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл мәселені премьер-министр Асқар Маминге тапсырды.

Одан бөлек, президент денсаулық сақтау министрлігін жарақат алған азаматтарға жан-жақты медициналық қызмет көрсетуге міндеттеді.

Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігі оқс оқиғаның мән-жайы мен кінәлілерді анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жұмысының мұқият жүргізілуін қамтамасыз етуге тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929266-zambyl-oblysyndagy-zarylys-toqaev-sugyl-zinalys-otkizdi-video/

pixel