Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрі оқ-дәрі сақтайтын базаларға қатысты тапсырма берді

Опубликовано:

Қорғаныс министрі
Видеодан кадр: Жамбыл облысының әкімдігі / Facebook

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев лауазымды тұлғаларға оқ-дәрі сақтайтын екі базаның құрылысын ұйымдастыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл нысандардың құрылысы 2019 жылғы Қарулы күштердегі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін жетілдірудің кешенді жоспарында қарастырылған.

"Объектілердің құрылысы оқ-дәріні қауіпсіз сақтаудың барлық жолын ескере отырып ұйымдастырылған. Сондай-ақ күзеттің техникалық құралдары, бейнебақылау және автоматты өрт сөндіру жүйелері көзделген", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек қоймалар елдімекендерден алшақ орналасады, арсеналдар мен базалар жанында тыйым салынған аймақтар мен аудандардың шекарасы сақталады.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді.

Соңғы мәліметтер бойынша, төтенше жағдай салдарынан қаза тапқандар саны тоғыз адамға жеткен.

Алдын ала ақпарат бойынша, ауруханаға ТЖД 49 қызметкері түскен.

Оқиға орнында министр бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істеуде.

ҚР ТЖМ ДЖБО-да және өрт орнында КШМ базасында өрт сөндіру штабы құрылып, Жамбыл облысы ТЖД-де жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар, апаттан кейін Нұрлан Ермекбаев өз еркімен қызметінен кетуге дайын екенін жеткізді. Министрдің сөзінше, ол бұл шешімді жарылыс туралы хабарлама алған сәтте қабылдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929308-qorganys-ministri-oq-dari-saqtaityn-bazalarga-qatysty-tapsyrma-berdi/

pixel