Қазақстанда бір тәулікте тағы 6 233 адам коронавирус жұқтырған
Опубликовано:

Қазақстанда өткен тәуліктегі эпидемиологиялық жағдай бойынша ПТР арқылы 6 233 адам коронавируспен ауырғаны расталды. Науқастардың көбі Алматы қаласынан анықталып отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
"Қазақстанда коронавирусқа қатысты 27 тамыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша ПТР арқылы 6 233 адам коронавируспен ауырғаны расталды", - делінген ресми хабарламада.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 602,
Алматы қаласы – 1 506,
Шымкент қаласында - 246,
Ақмола облысы - 258,
Ақтөбе облысында - 420,
Алматы облысында - 436,
Атырау облысында - 315,
Шығыс Қазақстан облысында - 191,
Жамбыл облысында - 157,
Батыс Қазақстан облысында - 115,
Қарағанды облысында - 815,
Қостанай облысында - 256,
Қызылорда облысында - 177,
Маңғыстау облысында - 213,
Павлодар облысында - 335,
Солтүстік Қазақстан облысында - 120,
Түркістан облысында - 71 адам қатерлі вирус жұқтырған.
Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 773 934-ке жетіп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929346-rrrrrr/