Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жел күшейіп, бұршақ жауады: Еліміздің қай өңірлерінде күн райы салқындайды

Опубликовано:

Бұршақ
Көрнекі сурет: pixabay.com

«Қазгидромет» РМК 28 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде әлі де күн жауын-шашынсыз, тек бұрынғыдай солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Республика бойынша солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жел күшейіп, бұршақ жауады. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында, Алматы облысының таулы және тау бөктері аудандарында найзағай ойнайды. Жамбыл облысында бұршақ жауып, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысында таңертең және күндіз солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Ақтөбе облысының шығысында найзағай ойнайды. Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында да найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтілуде. Сондай-ақ дауыл тұрып түнде облыстың солтүстігінде жел күшейеді. Күндіз басым бөлігінде 15-23 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады, түнде және таңертең оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнап 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Күндіз Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929347-zel-kuseiip-bursaq-zauady-elimizdin-qai-onirlerinde-kun-raiy-salqyndaidy/

pixel