Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бес өңірдегі арнайы операция: 32 адам ұсталып, 95 млн 801 мың теңге мен 356 мың доллар тәркіленді

Жарияланған күні:

knews.kg
Көрнекі фото: knews.kg

Ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелерді тарта отырып, Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола және Маңғыстау облыстарында ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Болжам бойынша, ҰҚТ Ақмола облысындағы кәсіпорындар мен кеніштерден құрамында алтыны бар материалдарды ұрлаумен айналысқан.

"Аса ірі көлемде Қылмыстық жолмен алынған кірістерді қаржыландыру және заңдастыру арнасы жойылды", - деп хабарлады ІІМ.

Министрліктің мәліметінше, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар заңсыз алтын өндіру жұмыстарын жүргізуге жағдай жасаған заңсыз іздеушілердің "бригадирлеріне" жүйелі түрде демеушілік еткен.

"Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде заңсыз өндіруді ұйымдастырудан бастап зергерлік бұйымдар түріндегі дайын өнімді өткізу пункттеріне дейінгі қылмыстық тетіктің барлық тізбегінің қызметі, оның ішінде жасырын жерлерге тасымалдау және өнімге жалған құжаттар жасау жұмыстары анықталды", - деп атап өтті ІІМ-де.

43 объектіде жүргізілген тінту барысында:

  • құрамында алтыны бар металл өндіру цехтарының қызметін ұйымдастыруға арналған жабдықтар (ұсақтау қондырғысы, химикат-реактивтер және басқа да қолдан жасалған құрылғылар);
  • Алматы мен Шымкентте зергерлік бұйымдарды балқытып, өндіретін екі заңсыз цех (оларда балқыту станоктары, алтын құюға арналған қалыптар, қиыршық тас-концентраттар және басқа да жабдықтар болған);
  • 95 млн 801 мың теңге және 356 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаражат;
  • жалпы салмағы 10 келіден асатын алтын бұйымдар мен құм;
  • 13 қымбат автокөлік (Lexus LX 570, Nissan Patrol, Toyota 2020-2021 ж.т. б.);
  • атыс және суық қару - 5 бірлік;
  • Шымкенттегі заңсыз цехтың қызметі жөніндегі құжаттама ("қара бухгалтерия").

Қылмыстық әрекетке барды деген күдік бойынша барлығы 32 адам ұсталып, оның 9-ы ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібіне сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ІІМ ұйымдасқан қылмыстық топ ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қатысты ҚК-нің 262-бабының 1-бөлігі, 2-бөлігі,188-бөлігі 4-бөлігі және 196-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929348-bes-onirdegi-arnaiy-operaciya-32-adam-ustalyp-95-mln-801-myn-tenge-men-356-myn-dollar-tarkilendi/