jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру жұмыстары басталды

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Байзақ ауданында орын алған оқиға байланысты құрылған облыстық жедел штабтың жұмысы жалғасуда. Штаб мүшелері ғылыми-зерттеу қызметкерлерімен бірге іргедегі 3 елді мекендегі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды түгелдей зерттеді. Қазіргі таңда жөндеуді қажет ететін 118 жылжымайтын мүлік анықталса, оның 106-сы тұрғын үй, 12-сі коммерциялық нысан. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында жан-жақты тоқталды.

Анықталған 106 тұрғын үйдің 35-сі күрделі жөндеуден өтетін болса, қалған 71-і жеңіл зақымдалған, олар да қалпына келтіріледі. Барлық жұмыстарға Үкімет тарапынан қаралатын және қосымша жергілікті бюджет, өңірдегі демеушілер қаражаттары жұмсалады.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Бүгін бір үйдің күрделі жөндеу жұмыстары басталса, қалған үйлер бойынша құрылысшылар ертеңнен бастап іске кіріседі. Екі айдың ішінде барлық үйлерді қалпына келтіреміз деп өзімізге міндеттеме алып отырмыз. Оған біздің мүмкіндігіміз де, құрылысшылар күші де жеткілікті",-деді облыс әкімі.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен құрылған Үкіметтік комиссия төрағасы, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр бұған дейін оқиға орнына келіп, мән-жаймен жан-жақты танысқан болатын. Комиссия мүшелері, арнайы мамандар келген шығын көлемін анықтау және нақтылау бойынша тиісті жұмыстарды жүзеге асыруда.

Жарылыс орны
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Әлеуметтік нысандарға қатысты тоқталсақ, 3 мектепке зақым келген. Әсіресе, қатты зардап шеккені – Жібек Жолы ауылындағы білім ордасы. 118 бала оқитын білім мекемесінің іргесі 1956 жылы қаланған. Ескі мектептің орнына жаңа ғимарат салуға шешім қабылданды. Ауыл халқы санының өсімі ескеріліп, Үкіметке 150 орындық жаңа мектептің құрылысы бойынша ұсыныс жолдаймыз. Салынатын жер белгіленді, құжаттары барынша қысқа уақытта дайындалады. Жеңіл зақымдалған Үшбұлақ мен Базарбай ауылдарындағы мектептер демеушілер есебінен қалыпқа келтірілуде. Олар бірінші қыркүйекке дейін дайын болады. Дәл сондай бір медициналық пункт те бір апта ішінде толығымен жөнделеді", - деді Б. Сапарбаев.

Жарылыс салдарын жою
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімінің айтуынша, темір жол, автожолдар қалыпты режимде жұмыс жасауда. Тұрғындардың барлығы үйлеріне оралған. Үйлері күрделі жөндеуден өтетін Қайнар ауылының тұрғындары уақытша баспанамен, азық-түлікпен қамтамасыз етіледі.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қазіргі таңда Тараз қалалық орталық ауруханада 28 науқас ем алуда. Оның 4-інің жағдайы орташа ауыр. Оларға қажетті барлық медициналық көмектер көрсетілуде. Өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрі-дәрмектер мен дәрігерлер жеткілікті.

Жалпы, медициналық көмекке жүгінген түрлі деңгейде жарақат алған 98 адамның ішінде қарапайым тұрғындар жоқ, барлығы әскерилер мен төтенше жағдай саласының қызметкерлері.

Қазіргі таңда хабарсыз кеткендер іздестірілуде. Облыс әкімі олардың ата-аналары мен туған-туысқандарымен кездесіп, тиісті түсіндірме берді. Іздеу жұмыстарына әскерилер, ТЖД мамандары, кинологтар, тиісті мамандар, қызметтік иттер, атты адамдар жұмылдырылған. Арнайы дрон құрылғысының мүмкіндігі де барынша пайдаланылуда. Қазіргі таңда 180 адам, 40 шақты техника жұмыс жасауда.

"Бүгінгі таңда өрт, жарылыс толығымен тоқтады. Қауіп жоқ. Зерттеу жұмыстары жүргізілуде", - деп түйіндеді аймақ басшысы.

Зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру жұмыстары басталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.