Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тойға дайындалып жүрген 22 жастағы қыз қайтыс болды

Опубликовано:

Қалыңдық
Көрнекі фото: pexels.com

Алматыда 22 жастағы бойжеткен ақыл тісін жұлдырып, басқа тістерін емдету үшін стоматологияға барған: ол үйлену тойына дайындалып жүрген деп жазады Sputnik Қазақстан.

Басылым Instagram желісіндегі zhaloby.almaty парақшасына сілтеме жасаған. Олардың ақпараты бойынша, қызға төрт ақыл тісін жұлдырып, басқа бірнеше тісін емдеуді ұсынған. Қызмет құны 420 мың теңге болатынын айтқан. Қыз кепілақы төлеген, ал анестезиолог оған ота толық наркозбен жасалатынын ескерткен.

Ота алдында науқас анасына тіс дәрігеріне келгенін хабарлаған, ал анасы қызын жақсы көретінін және үйде күтетінін айтқан. Алайда алматылық қыз үйге қайтып оралған жоқ: 6 сағаттан кейін анасына ұлы қоңырау шалып, әпкесінің қайтыс болғанын жеткізді.

Анасы клиникаға келгенде оған қызының денесін көруге рұқсат бермеген.  

Пабликтің мәліметінше, дәрігерлер қыздың анафилаксиялық шоктан қайтыс болғанын хабарлаған. Оқиға орнына полиция инспекторы келгенде, дәрігерлер оған екі сағат бойы қызды қайта тірілтуге тырысқанын айтқан көрінеді. Олар емханада жеке реанимация бөлімі болғандықтан жедел жәрдем шақырмаған.

Бұл жайтқа қатысты Алматы қаласы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рүстем Әбдірахманов пікір білдірді.

"Аталған факті бойынша тергеу басталды. Тергеу барысы департаменттің бақылауында болады", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929557-almatyda-toiga-daiyndalyp-zurgen-22-zastagy-qyz-qaitys-boldy/

pixel