Перуашев Жамбыл облысындағы жарылысқа кінәлілерді жазалауды талап етті
Жарияланған күні:
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаның себептерін тергеуді және кейіннен жарылып, адам өліміне әкелген оқ-дәрі қоймаларын сөндіруге құтқарушыларды жібергендерді жазалауды талап етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Ақ жол" партиясының жетекшісі Азат Перуашев мәжіліс отырысында елдің оңтүстігіндегі әскери қоймадағы жарылыстан жараланғандар мен қаза болғандардың отбасыларына бір күндік жалақыларын аудару туралы ұсыныс білдірді.
"Жамбыл облысы құтқарушылар ардагерлері қауымдастығынан зардап шеккен әріптестеріне бір күндік жалақы көлемінде көмек көрсету туралы өтініш түсті. Біздің фракция сөзсіз көмектеседі, бірақ менің ойымша, әріптестер, мұндай өтінішке қолдау көрсету дұрыс болар еді", – деп қосты ол.
Палата спикері оны қолдады.
"Көмекке келетін болсақ, бүгін мәжіліс бюросы осындай шешім қабылдағанын хабарлағым келеді", – деді Нұрлан Нығматулин.
Перуашев сонымен қатар қайғылы жағдайдың себептерін анықтауды талап етті.
Мәжілісменнің айтуынша, аман қалған құтқарушылардың жанып жатқан қоймаларда оқ-дәрілердің болғанын олардан жасырылғаны туралы ақпаратқа ерекше назар аудару керек.
"Қорғаныс министрлігінің бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған түсініктемелері бізді қанағаттандырмайды. Тергеу нәтижелері бойынша кім болса да, барлық кінәлілерді жауапқа тартуға шақырамыз", – деп қорытындылады депутат.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929932-peruasev-zambyl-oblysyndagy-zarylysqa-kinalilerdi-zazalaudy-talap-etti/