Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 114 адам көз жұмды
Опубликовано:

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 114 адам көз жұмды деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте елімізде коронавирустан 93 адам, пневмониядан 21 адам қайтыс болды.
2 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 104 835 адам, олардың ішінде 22 388 пациент стационарда, 82 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастар арасында 1 590 адамның жағдайы ауыр, 479 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған. 226 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Пандемия басталғалы Қазақстанда 798 671 адам коронавирус жұқтырды, 9 495 адам қайтыс болды.
70 250 адам пневмонияға шалдықты, 4 485 адам қайтыс болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930024-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-bir-taulikte-114-adam-koz-zumdy/