Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына 4,3 млн теңгеден астам сыйақы төленеді

Опубликовано:

Оқушы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкіметтің онлайн отырысында зияткерлік, шығармашылық және спорт бағыты бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын қалай ынталандыратынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Асхат Аймағамбетов конкурсқа қатыспай-ақ ЖОО түсуге грант беру мәселесін заңнамалық тұрғыдан реттеу жоспарланғанын хабарлады.

"Зияткерлік бағыттар бойынша халықаралық олимпиадаларға қатысушыларды ынталандыру және қолдау мақсатында алтын үшін 1500 АЕК (4 375 500 теңге - ред.), күміс үшін 1000 АЕК (2 917 000 теңге - ред.), қола үшін 500 АЕК (1 458 500 теңге - ред.) көлемінде біржолғы ақшалай сыйақы белгілеу жоспарлануда.

Сонымен бірге, жеңімпаздарды дайындаған педагогтер мен жетекшілерге де бірретік ақшалай сыйақы беру қарастырылады", - дейді ведомство басшысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Аймағамбетов президенттің 1000 жаңа мектеп салу тапсырмасы қалай жүзеге асырылатынын түсіндіріп берді.

"Біріншіден, 1000 жаңа мектеп құрылысы бойынша атап өтейін. Болжамға сәйкес 2025 жылы урбанизация мен туу деңгейінің өсуіне байланысты мекептерде қосымша 993 мың орынға қажеттілік пайда болады. Сондықтан орын тапшылығын болдырмау үшін 1 мың жаңа мектепті салу 4 негізгі механизм арқылы іске асырылады: мемлекеттік бюджеттен нысаналы құрылыс, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі, жекеменшік мектептер желісін дамыту, модульдік мектептер салу", - дейді Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, жоспарға сәйкес биылғы жылдың өзінде 200 жаңа мектеп іске қосылады. Ал келесі төрт жыл ішінде жыл сайын 200 мектеп салынатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930055-m-inistr-xalyqaralyq-olimpiada-zenimpazdaryna-43-mln-tengeden-astam-syiaqy-tolenedi/

pixel