Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан коронавирусқа қарсы қандай вакциналар сатып алады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында коронавирусқа қарсы қандай вакциналар сатып алынатындығын айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазірдің өзінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында біркелген бірқатар вакцинаны сатып алғанымызды атап өткен жөн. Олар: Қытайдың Sinovac компаниясы өндірген CoronaVac, Sinopharm компаниясы өндірген VeroCell вакциналары. Бұған қоса, Pfizer-BioNTech вакцинасын жеткізу жоспарланып отыр" , - деді Алексей Цой.

Министрдің атап өтуінше, қазіргі уақытта тасымалдауға, жеткізу кестесіне және келісімшартқа қол қоюға қатысты мәселелер пысықталып жатыр.

"Бұған қоса, Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесіне сәйкес, вакцинамен басқарылатын аурулардан халықты иммунизациялау бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930057-qazaqstan-koronavirusqa-qarsy-qandai-vakcinalar-satyp-almaq/

pixel