Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 800 мыңнан асты

Опубликовано:

медбике11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте 4930 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Осылайша ел бойынша ауру жұқтырғандар саны 803 601-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандардың дені Алматы қаласынан. Бір тәулікте 1287 адам тіркелген.

Одан бөлек:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 318
  • Шымкент қаласында - 223
  • Ақмола облысында - 248
  • Ақтөбе облысында - 339
  • Алматы облысында - 295
  • Атырау облысында - 195
  • Шығыс Қазақстан облысында - 170
  • Жамбыл облысында - 109
  • Батыс Қазақстан облысында - 134
  • Қарағанды облысында - 622
  • Қостанай облысында - 232
  • Қызылорда облысында - 112
  • Маңғыстау облысында - 238
  • Павлодар облысында - 268
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 70
  • Түркістан облысында - 70 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған.

Сонымен қатар, өткен тәулікте, 10 161 адамнан аурудан жазылып шыққан.

Қазір елімізде, 99 675 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Оның ішінде 21 714 пациент стационарда, 77 961 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1 547 адамның жағдайы ауыр, 481 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 255 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, еліміздің үш қаласы мен 11 облысы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары, "жасыл" аймақта Түркістан облысы.

Сондай-ақ, 2 қыркүйектегі мәлімет бойынша коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 6 748 762 адам, екінші компонентін 5 559 692 адам салдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930187-elimizde-koronavirus-zuqtyrgandardyn-zalpy-sany-800-mynnan-asty/

pixel