RU

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Күз
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 4-6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Метеорологтардың мәліметінше, демалыс күндері батыс өңірлер найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Одан бөлек, ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Республиканың қалған аумағында антициклонның әсерінен құрғақ және шуақты ауа райы сақталады.

Елдің батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 7-18 градус, күндіз 17-26 градус жылы болады.

Солтүстікте ауа температурасы түнде 4-13 градус, күндіз 22-30 градус жылылықты көрсетеді.

Орталықта және шығыста түнде 2-17 градус, күндіз 25-36 градус жылы болмақ.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 14-22 градусты көрсетсе, күндіз 29-38 градус ыстық болады деп күтілуде.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер қыркүйек айына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Мамандардың болжамынша, көпжылдық деректерге сәйкес, қыркүйектің бірінші жартысында ел аумағының басым бөлігінде, айдың соңында оңтүстік облыстарда үсік жүруі мүмкін.

Ал консультативтік болжамға сәйкес, айдың басында елдің солтүстік және орталық аймақтарында 2 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

Қыркүйек айының басында циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен елдің батыс, шығыс аймақтарында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұрақсыз ауа райы байқалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930234-demalys-kunderi-aua-raiy-qandai-bolady/