Науқастар саны азаюда: Елордада эпидемиологиялық жағдай жақсарды
Жарияланған күні:
Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны байқалады. Қаланың ковидтік стационарларында науқастардың саны өткен аймен салыстырғанда азайды деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемованың айтуынша, қалада тіркелген науқастардың саны тамыз айымен салыстырғанда 3 есе азайды.
"Соңғы аптада КВИ-дің жаңа тіркелген жағдайларының саны күніне орта есеппен 470 жағдайды құрайды (тамыздың бірінші он күндігінде 1300-ден асқан). Соңғы тәулікте 384 жаңа жағдай тіркелді. Тиісінше, стационарларға түсетін науқастар саны тамыз айының басындағы 320-дан бүгін 120-ға дейін төмендеді", – деп хабарлады ол.
Бүгінгі таңда 1 484 науқас инфекциялық стационарларда жатыр, жүктеме 41%-ды құрайды.
"Егер осы көрсеткішті тамыз айының басында 2 900-ге жеткен болса, қазір ковидтік стационарлардағы пациенттер екі есеге төмендегені байқалады. Реанимациялық бөлімшелердегі науқастардың саны да азайды, бүгінгі таңда мұндай пациенттердің саны 153, оның ішінде ӨЖЖ-де 33 адам жатыр. Жаз мезгілінде реанимациялық төсектер 230 және одан жоғары емделушілерді қамтыды. Аурудың деңгейі қайтадан өспеуі үшін санитарлық талаптарды сақтау және карантиндік шараларды ұстану қажет", – деп қосты спикер.
Сондай-ақ, ведомство өкілі жедел жәрдемге, БМСК ұйымдары жанындағы мобильді бригадаларға түсетін жүктеме азайғанын айтып өтті. Мәселен, жазда жедел жәрдем станциясына жүгіну саны тәулігіне 4 мыңға жетсе, қазір –2400. КВИ бойынша қоңыраулар да азайды, тәулігіне 100-120. Жазда күніне 300-350-ге жеткен болатын.
Әлия Рүстемова өз сөзінде вакцинациялау және бұл істі кейінге қалдырмау маңызды екенін айтып өтті. Мамандар вакцинацияның көмегімен азаматтар арасында аурудың өсуін, вирустың таралуын болдырмауға болатынын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930286-nauqastar-sany-azayuda-elordada-epidemiologiyalyq-zagdai-zaqsardy/