Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз маңындағы жарылыс: Зардап шеккендердің жағдайы қалай

Жарияланған күні:

Жарылыс
Кадр: Instagram / kris_p_kz

26 тамызда Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс кезінде зардап шеккендер Тараз қалалық көпбейінді ауруханасында ем қабылдауда. Науқастар түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы өңірдің денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

"Ауруханаға түскендердің арасында ауыр халде денесінің  85 пайызын  күйік шалып зардап шеккен науқас Ерлан Қырғызалиев те бар. Науқастың жағдайы өте ауыр күйде. Жағдайдың ауырлығы – жарақаттармен қатар жүретін көптеген ағзаның зақымдалуы  мен интоксикацияға байланысты. Зардап шегуші жансақтау бөлімінде науқастың жағдайын жеңілдету, зақымданған тіндердің сауығу процесін тездету үшін емдеу әдісі ретінде қолданылатын арнайы күйікке қарсы "Клинитрон" функционалды төсегінде жатыр. Тыныс алуы ұзартылған өкпені жасанды желдету аппараты арқылы қамтамасыз етіліп, ультрафильтрация компонентімен гемофильтрация жүргізе отырып, барлық қажетті арнайы ем-шаралар жүргізілуде", - деді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Оның сөзінше, 27 тамызда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығымен (ЭМҮО) медициналық көмек көрсету бойынша телеконсультация өткізілген.

28 тамыз күні таңертең Алматыдан медициналық авиацияның мобильді бригадасы (реаниматолог, комбустиолог, травматолог) келген. Жүргізіліп жатқан емдеу тактикасының күмән тудырмағаны белгілі болды.

Әсет Қалиев зардап шегуші келіп түскен сәттен бастап күнде телеконсультация жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"2 қыркүйек күні таңертең м.ғ.д. Б. К. Жарқынбаевтың, м.ғ.д. Г.Р. Ағыбаевтың қатысуымен ЭЭМҰО ахуалдық орталығы және травматология және ортопелия ғылыми - зерттеу институтымен (ҒЗТЗИ) кезекті телемедицина сеансы өткізілді. Мамандар жүргізіліп жатқан еммен келісуде, емдеуді жалғастыру ұсынылды, науқастың жағдайының ауырлығына байланысты елордалық клиникаға тасымалдау қажет емес.

2 қыркүйек күні сағат 23-те елордадан санитарлық авиация желісі арқалы Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 қалалық ауруханасының комбустиология бөлімшесінің меңгерушісі П.В. Қутлятов, анестезиолог-реаниматолог В. О. Уразалинов консилиум жасап, науқасты одан әрі емдеу тактикасын айтты, жаңа талдау-сараптау қорытындылар (анализ) алып, қосымша ем-шаралар тағайындады. Сондай-ақ, туыстарымен кездесіп, пациенттің жағдайы және қабылдап жатқан емдері туралы түсіндірді", - деді өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Ал 3 қыркүйек күні таңертең санавиация мамандары тексеру жүргізіп, қосымша емдеу тағайындаған.

Пациенттің стационарда болуының осы кезеңінде 7 телеконсультация, санитариялық авиация саласы бойынша мамандардың 3 ұшуы жүргізілгені хабарланды.

"Емдеу мәселесі денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың күнделікті бақылауында. Біз Ерлан Қырғызалиевтің жағдайына байланысты туыстарының алаңдаушылығын жақсы түсінеміз. Орталық мамандарымен келісілген барлық қажетті емді жалғастырамыз", - деді Әсет Қалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930312-taraz-manyndagy-zarylys-zardap-sekkenderdin-zagdaiy-qalai/