RU

"Көк" мәртебесі бар алматылықтар демалыс күндері сауда орталығына кіре ала ма

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Ashyq қосымшасында "көк" мәртебесі бар Алматы тұрғындары демалыс күндері сауда орталығы мен кафелерге кіре алмайды. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингтте айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин демалыс күндері Ashyq қосымшасында "көк" мәртебесі бар тұрғындар оңтүстік астананың кейбір нысандарына кіре алмайтынын мойындады.

"Ashyq жобасына қатысушылардың жұмыс уақыты 00:00-ге дейін, Ashyq көшбасшыларының жұмыс кестесі - 02:00-ге дейін ұзартылды. Демалыс күндері бұл нысандарға тек "жасыл" мәртебеге ие тұрғындар бара алады. Бұл келушілер мен мекемелер қызметкерлеріне де қатысты талап. "Көк" мәртебеut ие адамдар бұл нысандарға жұмыс күндері ғана кіре алады", - деді ол.

Бас санитардың дерегінше, мәртебе бойынша шектеулер кейбір объектілерге қолданылмайды.

"Мәртебе бойынша шектеулер келесі объектілерге қолданылмайды: қалааралық қатынас, қонақүйлер, әуежайлар, білім беру мекемелері, университеттер, интернаттар мен білім беру ұйымдарының жатақханалары. "Көк" мәртебесі бар азаматтар бұл мекемелерге жұмыс күндері мен демалыс күндері де келе алады", - деді Жандарбек Бекшин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930335-kok-martebesi-bar-almatylyqtar-demalys-kunderi-sauda-ortalygyna-kire-ala-ma/