Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында көлік аударылып, екі адам қаза тапты (фото)

Опубликовано:

Ақтөбе
Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан екі адам қаза тауып, үш адам зардап шекті деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайғылы жағдай 2 қыркүйек күні сағат 19.00-де тіркелген.

38 жастағы “Chevrolet Aveo” автокөлігінің жүргізушісі Хромтау ауданы, Карлау кентінің жанындағы “Самара-Шымкент” тас жолының 915 шақырымында келе жатып жол апатына ұшыраған.

Ол автомобильдерден басып озу кезінде рөлге ие бола алмай, транспорттың аударылуына жол беріпті.

Салдарынан жүргізуші мен бір жолаушы оқиға орнында қаза тауып, ал үш адам Хромтау қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

Бұл жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жантүршігерлік жол көлік оқиғасы туралы Ақтөбе облыстық полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов пікір білдірді.

"Талдауға сәйкес, қарама-қарсы жолаққа шығу, жолдарда адам өлімінің басты себептерінің бірі болды. Қарсы бағытқа шығу апаттардың ең қорқынышты салдарының бірі. Барлық апаттардың шамамен 40%-ы қарсы жолаққа шығуға байланысты болады", – деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930350-aqtobe-oblysynda-kolik-audarylyp-eki-adam-qaza-tapty-foto/

pixel