Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирустың "қызыл" аймағындағы өңірлер саны азайды

Опубликовано:

Көше маска1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтан шығып, "сары" аймаққа көшті деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram-дағы ресми арнасы.

2021 жылғы 4 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта қалды.

"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары бар, бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы осында аталған аймаққа өтті.

Түркістан облысы "жасыл" аймақта қалды.

Еске сала кетейік, 3 қыркүйек күні елімізде тағы 4830 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Осылайша, бүгінгі таңға дейін Қазақстанда қауіпті дертпен ауырғандар саны 808 431-ге жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930394-qazaqstanda-koronavirustyn-qyzyl-aimagyndagy-onirler-sany-azaidy/

pixel