RU

Қарағандыда жүкті аналарды білезіктің көмегімен бақылайды

Жүктілік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарағандыда перзентханада жатқан жүкті аналардың барлығы білезік тағады деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Енді денсаулығы сыр берген жүкті әйелдер дәрігерге шұғыл белгі бере алады.

Мәселен, түнде толғақ қысса, аяқ астынан ауырып қалса, білезіктегі түймені басып, көмекке шақырады. Ерекшелігі – оны қуаттаудың қажеті жоқ, әрі су өтпейді. Әзірге білезік тек кенді шаһардағы №2 перзентханаға ғана жеткізілген. Жыл соңына дейін өңірдегі барлық клиниканы қамту жоспары бар.

"Бұл білезік өте ыңғайлы. Егер жүкті әйелдің денсаулығы күрт нашарласа, төсектен тұрудың, үрейленіп, айқайға басудың керегі жоқ. Түймені басса болды, бірден дәрігер келеді. Өткен түнде бір адамға көмек көрсеттік. Қан кетіп, әлсіреген. Абырой болғанда, ол дәрігерге дер кезінде белгі беріп, аман алып қалдық", – деді №2 облыстық клиникалық аурухананың перинаталдық орталық басшысы Гүлбан Мамалинова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930403-qaragandyda-zukti-analardy-bileziktin-komegimen-baqylaidy/