Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда көлік аккумуляторларын алып қашқан ұрылар камераға түсіп қалды

Опубликовано:

Күдіктілер
Күдіктілер. Видеодан алынған кадр: Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

Елордадағы "Сарыарқа" ауданының ПБ қызметкерлері қала көшелерінде тұрған көліктерден аккумуляторы мен салонынан ақшасын ұрлады деген екі күдіктіні ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Нұр-Сұлтан баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнде Мәскеу көшесінде тұрған Audi және Mazda маркалы автокөліктерден екі аккумулятор мен қобдишасынан ақша ұрланғаны хабарланды.

Көлік иелері меншігіндегі заттарының жоғалғанын біліп, шұғыл полицияға жүгінген. Көп ұзамай тәртіп сақшылары екі күдіктіні анықтап, ұстады.

Кейінірек 31-32 жас аралығындағы қылмыскерлер іс бойынша мойындау мәлімдемесін берді.

Полиция ұсталғандардың күзет дабылы жоқ көліктерді іздеп жүргенін анықтады. Олар көлік есігін зақымдап, салонға кіріп, капотты ашқан. Ақырында ұрлаған заттарын күртеге орап алып белгісіз бағытта жасырынған.

Күдіктілердің екеуі де бейнебақылау камераларына түсіп қалғаны атап өтілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, ұсталғандардың бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930420-nur-sultanda-kolik-akkumulyatorlaryn-alyp-qasqan-urylar-kameraga-tusip-qaldy-video/

pixel