Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда коронавирус жұқтырған екі жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі сурет: pixabay.com

Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған екі жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Садуованың мәліметінше, биылғы қаңтардан бері 2 283 бала коронавирус инфекциясын жұқтырған.

"Жыл басынан бері 141 бала стационарларда емделген. Оның ішінде 3 бала жансақтау бөлімінде жатқан. Қазір инфекциялық стационарда 10 бала емделіп жатыр. Жансақтау бөлімінде оқшауланған 2019 жылғы бір баланың жағдайы ауыр",- -дейді Жанар Садуова.

Оның мәліметіне сүйенсек, қазір 389 бала амбулаторияда бақылау арқылы емделуге жіберілген.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 813 мыңға жуықтады. Өткен тәулікте Қазақстанда 4568 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.

Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Оңтүстік астанада бір тәулікте 1169 адамда КВИ расталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930450-atyrauda-koronavirus-zuqtyrgan-eki-zasar-bala-zansaqtau-boliminde-zatyr/

pixel