Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында ойын алаңында 5 жасар баланы тоқ соқты

Опубликовано:

Тоқ
Көрнекі фото: Хабар 24

Қарағанды облысында Ақсу-Аюлы елді мекенінің орталық саябағында бес жасар баланы тоқ соқты.

Оқиға сенбі күні сағат 19.20-да Шет ауданында болған.

"Салдарынан баланың сол қолының саусақтары күйді. Ақсу-Аюлы аудандық ауруханасының дәрігерлері медициналық көмек көрсетті. Бала үйде ем қабылдауы үшін ата-анасына тапсырылды", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 306-бабы 2-бөлігі 1-тармағына сәйкес ("қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету") қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл балалар ойын алаңында жарақат алған алғашқы жағдай емес. Шілде айының ортасында астанада 13 жастағы баланы тоқ соққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930481-qaragandy-oblysynda-oiyn-alanynda-5-zasar-balany-toq-soqty/

pixel