Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда монша кешені отқа оранды (фото, видео)

Опубликовано:

Өрт
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Бүгін Алматының Медеу ауданында Медеуге апарар жолда орналасқан монша кешені отқа оранды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметі өрт сөндірушілер сағат таңғы 07:49 шамасында Медеу ауданы Керей мен Жәнібек хандар көшесі, 452 мекенжайы бойынша шыққанын хабарлады. Оқиға орнына келе салысымен олар "Ля Купель" атты екіқабатты монша кешені өртеніп жатқанын анықтады. Кешенге жақын орналасқан екі ғимараттың өртену қаупі туындады.

"Қатты түтінге байланысты газ-түтіннен қорғау қызметінің бөлімі тартылды. Өрттің жасырын ошағын анықтау үшін тепловизор пайдаланылған. Екінші қабаттың төбесі жартылай құлады, өрт сөндірушілер қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, іргелес бөлмелерді сөндіру және қорғау үшін өрт сөндіру қондырғыларын енгізді.

Магистральдық желілер тартылды, цистерналар өрт сөндіру гидранттарына орнатылды, мотор сорғысынан кешен аумағындағы ашық су көзінен су алынды, осылайша сумен үздіксіз қамтамасыз етілді. Аудан таяз болғандықтан Алматы суына су беру қосымша ұйымдастырылды",-деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Сағат 11: 08-де өрт сөндірілді. Өрт аумағы 70 шаршы метрді құрады. Әкімшілік өкілдерінің айтуынша, өрт кезінде кешенде демалушылар болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930482-almatyda-monsa-keseni-otqa-orandy-foto-video/

pixel