Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желдің күшеюі, найзағай: Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Күз
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстан аймақтарында 6 қыркүйекте болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс аймақтарында найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Еліміздің қалған аумақтарына антициклон жотасынның әсер етуіне байланысты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, батыста бұршақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай, бұршақ, күндіз найзағай кезінде желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай жарқылдап, күндіз солтүстік-батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, шаңды дауыл күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстік және орталығында найзағай жарқылдап, күндіз найзағай кезінде желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі. Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай жарқылдап, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Жамбыл, Солтүстік-Қазақстан облыстарының солтүстік-шығысында, Түркістан облысының солтүстігі және батысында, Қарағанды облысының орталығында желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі.

Күндіз Алматы облысында аптап ыстық күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында және оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының батыс және оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930512-zeldin-kuseyui-naizagai-sinoptikter-bugingi-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel